Қостанайда полиция қызметкерін жабылып ұрған топ сот алдында жауап берді
Қостанайда полиция қызметкеріне шабуыл жасады деп үш жігітке айып тағылып отыр. Іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сотта қарала бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Костанайские новости" басылымына сілтеме жасап.
Іс бойынша Руслан Пасечник, Амир Дамирұлы және Айнұр Арманұлына айып тағылған. Олардың екеуі 21-де, сауда орнында экспедитор болып жұмыс істеген. Ал 25 жастағы үшінші айыпталушы ірі сауда орталығында қойма меңгерушісі болған.
Алдын ала сот отырысында прокурор айыптау актісін оқыды. Құжатқа сәйкес, оқиға 28 наурыз күні таңғы сағат 08:30 шамасында Қостанайдағы "Береке" шағынауданында болған. Айыптау тарапының нұсқасы бойынша, үш жігіт үй ауласында мас күйде қатты сөйлеген, балағат сөздер айтқан. Сол сәтте үйден екі кәмелетке толмаған баласымен бірге Қостанай қалалық полиция басқармасының кезекші инспекторы Руслан Қазиев шыққан. Ол жұмысқа бара жатқандықтан қызметтік киімде болған.
Полицей балаларын көлігіне отырғызғаннан кейін жігіттерге жақындап, қоғамдық орында ішімдік ішуге және тәртіп бұзуға болмайты туралы ескерту жасаған. Сондай-ақ олардың тарауын талап еткен. Айыптау актісіне сәйкес, осыдан кейін Пасечник полицейдің басынан екі рет ұрған, ал Дамирұлы оның жеңінен ұстап, қызметтік бас киімін жұлып алған. Полицей оларға қарсылық көрсеткен.
Тергеу нұсқасы бойынша, бірнеше соққыдан кейін Қазиев жерге құлап, есінен танып қалған. Соған қарамастан оны ұрған және аяқпен тепкен. Оқиға куәгерлері полиция шақырып, үш күдіктісол жерде ұсталған.

Сараптама нәтижесінде полицейдің жабық бас-ми жарақатын алғаны, миы шайқалғаны және денесінде бірнеше гематома болғаны анықталды. Осыған сәкес,үш ер адамға билік өкіліне қызметтік міндетін атқару кезінде топ болып күш қолдану дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 380-6-бабымен айып тағылып отыр. Бұл бап бойынша 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Алдын ала тыңдау кезінде судья Ольга Шаньгина айыпталушылардан істі алқабилердің қатысуымен қарауға ұсыныс жасады. Үшеуі де бұл құқықтан бас тартты. Сондықтан іс судьяның қарауымен өтеді және негізгі сот отырысының күні белгіленді.
14 жастағы қыздың "зорлау" ісін өз еркімен болды деп ауыстырған: Қазақстандық тергеуші салғырттық танытты деп айыпталды